Ауғанстан билігі әйелдерге астаналық қоғамдық саябақтарға кіруге және жәрмеңкелерге баруға тыйым салды. Жақында кабулдық әйелдер Талибан (Қазақстанда тыйым салынған) озбырлығына қарсы шығып, жаппай шеру өткізген болатын.
Талибан әйелдерге Ауғанстандағы спорт залдарын пайдалануға тыйым салды, деп хабарлады Associated Press бейсенбіде.
Ауғанстанға билікке келгеннен кейін тәлібтер әлемдік қауымдастыққа қалыпты саясат жүргіземіз деп сендіруге тырысты. Шетелдік инвестицияға үміттене отырып, радикалдар Ауғанстанда адам құқықтары мен әйелдердің құқықтарын сақтауға уәде берді. Алайда, бір жылдан кейін ауған әйелдері қоғамдық өмірден шеттетіле бастады.
Олар бәрін тартып алды — не мектеп, не жұмыс жоқ… Бізде, ең болмағанда, балаларымызбен көңіл көтеретін орын болуы керек. Біз күні бойы үйде отырудан шаршадық, кілттеулі үйде отырудан шаршадық,
дейді ауған әйелдері.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның наразылығына қарамастан, «сақалды молдалардың» бастамасымен ауғандық әйелдерге ерлердің ілесіп жүруінсіз серуендеуге тыйым салынды, әйелдер көшеге шыққан сайын паранджа киюге мәжбүр. Бүкіл ел бойынша бір жылдан бері жасөспірім қыздарға арналған мектептер жұмыс істемейді. Сонымен бірге, «Талибан» қозғалысының басшылары Құранға үнемі сілтеме жасап отырады, оны өздері өте мұқият оқымаған да сияқты.
Кабул университетінде Ислам құқығын оқитын Райхана соңғы күндері енгізілген ережелерге өте ашулы екенімен бөлісті: «Ислам әйелдерге сыртқа шығып, саябақтар мен жәрмеңкелерге баруға тыйым салмайды. Айтыңызшы, барлығына тыйым салынған елде қалай өмір сүруге болады?!»
Соңғы айларда біз әйелдер айтып отырған мәселелерді шешуге бар күшімізді салдық. Бірақ біз кейбір қалаларда жасөспірім қыздардың білімге қол жеткізе алмайтынын мойындаймыз,
деп ақталды шетелдік журналистердің алдында вице-министрдің жамандықтың алдын алу және ізгілікті насихаттау жөніндегі өкілі Мұхаммед Акиф Садек Мохаджир.
Алайда, Мохаджирдің пікірінше, мұның өз себебі бар: жергілікті жерлерде жүргізілген іріктеп тексеру мектептердегі сабақтарда ерлер мен әйелдер араласып оқығанын және қыздар хиджабсыз сыныптарда отырғанын көрсетті. Бұл исламға қайшы келеді. Сондықтан Кабулда билік қыздарға арналған мектептерді жабуға шешім қабылдады, деді министрлік өкілі.
Айтпақшы, бастауыш мектептер қыркүйек айында жұмысын қайта бастады, бірақ тек ер балалар мен ер мұғалімдер сабаққа жіберілді. Кейінірек Талибан неге бұлай екенін түсіндірді: қыздар мектепке сыныптарды гендерлік принцип бойынша бөлу аяқталғаннан кейін ғана оқу процесіне жіберіледі.