Ауғанстанда 7 миллион балаға қызылшаға қарсы екае салынады. Елдің шалғай аудандарының тұрғындары екпе алу үшін ірі қалаларға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz TOLO News сілтеме жасап.
Науқан 10 күнге созылады деп болжанды.
Тұрғындар Денсаулық сақтау министрлігін елдің шалғай аудандарында да екпе салуға жағдай жасауға шақырған. Себебі көптеген отбасы медицина мекемесі болмағандықтан балаларын Кабулға апаруға мәжбүр
Индира Ганди атындағы балалар ауруханасының қызметкерлері кейінгі үш айда ауруханада кем дегенде 11 баланың қызылшадан қайтыс болғанын айтты.
«Вакцинация балалардың 90%-ке жуығын қызылшадан емдей алады. Бұл аурумен ауыратындарға да көмектесе алады».
деді балалар ауруханасының дәрігері Хуссиен Афзали
Аурухананың бас дәрігері Мохаммад Икбал Самаидың айтуынша, кейінгі үш айда аурухана төсек тартып жатқан 560-қа жуық науқасты қабылдаған. Оларға шұғыл емдеу керек болды.
2021 жылдың қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) басшылығымен ауғандық балаларды полиомиелитке қарсы егуге келісті.