Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Марат Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды,
делінген хабарламада.
ҰҚК хабарлауынша, Қылмыстық іске қатысы бар Леонид Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және Олег Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Леонид Скаковский 11 жыл 3 айға, Олег Ждан 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК қылмыс жасағандардың қай ел үшін отанына опасыздық жасағанын, тыңшылық еткенін және мемлекет құпиясын айтқанын жарияланбайтынын хабарлады. Қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер де жарияланбайды.
Марат Шайхутдинов 63 жаста. 2015 жылдан бері Қазақстан қауіпсіздік кеңесі катшысының бұрынғы бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы осы қызметті уақытша істеп жүрді және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болды.