Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Марат Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды,

делінген хабарламада.

ҰҚК хабарлауынша, Қылмыстық іске қатысы бар Леонид Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және Олег Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Леонид Скаковский 11 жыл 3 айға, Олег Ждан 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол жақта Олег Ждан, ортада Марат Шайхутдинов, оң жақта Леонид Скаковский

ҰҚК қылмыс жасағандардың қай ел үшін отанына опасыздық жасағанын, тыңшылық еткенін және мемлекет құпиясын айтқанын жарияланбайтынын хабарлады. Қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер де жарияланбайды.

Марат Шайхутдинов 63 жаста. 2015 жылдан бері Қазақстан қауіпсіздік кеңесі катшысының бұрынғы бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы осы қызметті уақытша істеп жүрді және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago