Фото: oka.fm
Солтүстік Қазақстан облысы Бауман ауылы тұрғыны орманға жидек теруге барып аңшылардың құрбаны болды, деп хабарлайды AstanaTV.
49 жастағы ауыл тұрғыны кеудесіне тиген оқтан қайтыс болды. Оны елдің солтүстігінде жидек жинап жүрген кезінде атып кетті. Алтынай Мұздақбаева Бауман бекетінен 3 шақырым жерде жаралы күйінде табылды. Кейін белгілі болғандай, ол орманға барған, бірақ жергілікті аңшылар атқан оқтың астында қалған.
Ол танысы мен туыстарына қоңырау шалып үлгенрген. Олар жетіп Алтынайды алып кетіп, фельдшер шақырған. Фельдшер алғашқы көмек бергеннен кейін оны аудандық ауруханаға әкетеді. Бірақ Алтынай ауруханаға жетпей көлікте қайтыс болды,
деп оқиға туралы Бауман ауылының тұрғаны айтып берді.
Расталмаған ақпарат бойынша, ол жерде екі аңшы болған. Бұл уақытта прокуратура қайтыс болған әйелдің 65 жастағы ауылдасының ұсталғанын хабарлады. Күдікті винтовкамен ұзақтарға оқ атқанын, жаралы әйелді көргенде учаскелік полиция инспекторына хабарлағанын айтты.
Бұл қылмысты жасаған тұлға анықталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша, Жамбыл облысы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындады. Тергеу тобы құрылды. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша, тергеу мәліметтері жарияланбайды,
деп хабарлады СҚО Жамбыл ауданы прокуроры Талғат Төлегенов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…