Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын,
делінген судья үкімінде.
Алматыдағы жол апатынан ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаева көз жұмған болатын. Олардың артында төрт баласы жетім қалды. Үшінші марқұм – сол жерде тұрған шағын автобустың жүргізушісі Алмас Айманбаев.