Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
04.12.2023
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
04.12.2023
18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
04.12.2023
2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
04.12.2023
«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
04.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Аягөзде төрт бала көз жұмған үйден полиция 900 мың теңге ұрлаған – журналист
Маңызды

Аягөзде төрт бала көз жұмған үйден полиция 900 мың теңге ұрлаған – журналист

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.11.2023
Обновлено 06.11.2023 в 11:11
Поделиться
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Поделиться

Журналист Нұртай Лахан өзінің әлеуметтік парақшасында қайғыдан қара жамылған ата-ананың ұлының операциясына деп жинап отырған ақшасы ұрланғанын айтқан. Ал үйге ол кезде өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерінен бөлек ешкім кірмеген.

Одан қалды ресми деректе қайтыс болған төрт баланың екеуі егіз деп берілгені де қате болып шыққан. Олардың арасы екі жас екен. Ата-ана солардың екіншісіне операция жасату үшін 900 мың теңге жинап қойған, өкінішке қарай, қаралы күні ол қаражат та жоқ болып шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арнұр мен Нұрасылдың арасы екі жас. Туыстарының айтуынша, отбасының екінші ұлы Нұрасылдың көзі дұрыс көрмейді. Бұған дейін екі рет ота жасатқан. Үшінші рет тағы бір ота жасату үшін әкесі там-тұмдап тиын тебен жинаған — 900 мың теңге.

Оны қысқы күртешесінің төс қалтасына сақтаған. Өрт болған күні сол ақшаны ерлі-зайыптының неке сақинасымен қоса ұрлап кетіпті. «Үйге өрт сөндірушілер мен полициядан басқа ешкім кірген жоқ», — дейді Бауыржанның жақындары.

Айтпақшы, үш баланы әкесі, кішкентай ұлды көршісі алып шыққан. Өрт сөндірушілер содан кейін ғана келген.

Отағасының қолына алатын жалақысы 80 мың теңге ғана болған. Ресми биліктің «120 мың теңге» дегені де өтірік,

деп біраз былықтың бетін ашты тілші.

2019 жылы үш ай атаулы әлеуметтік көмек алған. Кейін бір сиырың бар екен деп қысқартқан. Онымен қоймай «егер қол қоймасаң үш айдың ақшасын өндіріп аламыз» деп қорқытып, «өз еркіммен бас тартамын» деп жаздырып алған.

Сонымен қатар жергілікті билік бұл отбасына берілген әлеуметтік үйді де тартып алған. Ал қазір амалсыз туыстарын паналап жүр. Аудан әкімі қарашаның соңына дейін жалдамалы үй тауып беретінін, жиналған қаражатқа қаладан үй алып береміз деп уәде еткен.

Осыдан екі жыл бұрын Аягөзден Шұбартауға шығатын тұсқа әлеуметтік үйлер салған еді. Содан үй беріпті. «Желтоқсанда үш күннің ішінде кір» деді. Кірдік. Күніне он екі шелек көмір жақтық. Терезенің астынан жел соғып, үй жылымады. Балалар ауыра бастады. Бір апта өткеннен кейін «көктемде үйді жөндеп бір-ақ кірейік. Ескі болса да бұрынғы үйімізге қыстайық» дедік. Әкімдік «Болмайды. Олай болса үйден бас тартамыз деп қолхат жазып бер» деді. Амалсыз жазып бердік, — дейді қаралы шаңырақ иелері. Қаралы отбасы әзірге туыстарының үйін паналап жүр,

деп жазды Нұртай Лахан.

Ал сол күні балалардың анасы екі сиырдың сүтін сатуға кеткен. Сондағы күндік табысы 1500-2000 теңге екен. Анасы жоқта балалар сіріңке шағып, ол матрасқа тиіп тұтанған. Өкінішке қарай, төртеуі де үйдің ішін алып кеткен түтінге тұншығып өлген. Кішкентай Рамазанның емшектен шыққанына екі ай ғана болыпты.

Бұған қатысты облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғанын айтты.

Сая Манарбековна 06.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
  • Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
  • 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
  • 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
  • «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыОқиға

Хайуандық пен жемқорлық етек жайған елде не болашақ бар?

23.11.2023
Маңызды

«Анасы елде жоқты киген, әкесі ғалым»: Бишімбаевтың отбасы туралы не білеміз?

20.11.2023
Маңызды

Бізде әйел адам өлсе жәй ғана мал өлгендей қарайды

13.11.2023
Маңызды

Өз күйеулерінің қолынан қайтыс болған әйелдер

13.11.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?