Аязға байланысты еліміздің төрт облысындағы мектептер мен колледждердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді.
29 қарашада ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде бірінші ауысымдағыоқушылар онлайн оқиды. Өскеменде, Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубоковский, Самара, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 класс, Риддерде 0-9 класс оқушылары қашықтан білім алады.
Абай облысында 1-11-класс оқушылары, сонымен қатар бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтықтан оқуға көшті.
Қызылордада ауа райының қолайсыздығы мен екпінді желдің салдарынан 0-4 класс оқушылары да қашықтан оқитын болады.
Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4-класс оқушылары қашықтықтан оқиды.