Аяздан 300-ден астам жолаушы қаза тапты деген ақпарат таратқан әйелге 9 миллион теңге айыппұл салынбақ.
Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы үш күнге созылды. Сол сәтте Қордай аймағында аяздан қаза тапты деп адамдардың аты-жөндерінің тізімін жариялаған әйел іздестіріліп жатыр. Ол қаза болғандарды облыстан табытқа салып, белгісіз жаққа апара жатыр деп мәлімдеген.
Сондай-ақ жолда қалып қойған автобуста 17 бала тоңып жатыр, оның екеуі қаза болды деп жалған ақпарат таратқан Алматы тұрғынын да 9 миллион теңге айыппұл күтіп тұр. Материалдарды одан әрі қарау үшін іс ер адамның тұрғылықты жеріндегі полиция қызметкерлеріне берілді.
Қалған фактілер бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.