«Көбіне спортта жолы болмаған жігіттер дінге баспен кіруде. Қазақы дүниетанымдағы дін болса қуанасың ғой. Жоқ, бұлардың ұстанған жолы өте ызақор, ұрдажық, күш қолдануға бейім болуға шақыратындай. Көркем мінез деген сөз Құран мен хадисте ғана қалғандай», деп жазады желіде Айсұлтан Жақыпов.
Өздерімен келіспеген жағдайда күш қолдана салу түк емес бұларға.
Алдыңғы күні намаздыгер мен намазшам арасында Майқұдықтағы Бала қажы мешітінің жанындағы жүргіншілер жолағынан араби киінген еркек өтті. Жол беріп тұрмын. Қолында бірдеңе желп-желп етеді. Анықтап қарасам, 4 жасар қыз бала. Қара киімге орап қойған.
Оралдағы оқиғаны көбіміз көріп отырмыз. Бұларды заңмен де, күшпен де тоқтатуымыз керек. Бізге қауіп Қытайдан емес, осы дінкештерден төніп тұр. Ресейдің қауіпі бір бөлек әңгіме…
Бұларға қаржы құюдың бір ізге түскен механизмі бар.
Арзан, мегаарзан, тиын дегендей атпен сауда үйлерін ашып алған. Ішіне кірсеңіз расында да арзан киімдер бар. Әрине, сапасы 4-5 жыл киетін киімге ұқсамайды. Бірақ, бір маусым киіс берері анық. Міне, осы киімдер арқылы бұларға ақша кіруде. Қала берді ұялы телефон мен оның бөлшектері арқылы да бұларды қаржыландыруға болады. Ертең сыртта жүрген лидерлері «фас» десе мыналар бізді қопаруға дайын тұр. 20 мың террористті сол кезде көреміз,
дейді жазба авторы.