Черногорияның солтүстігіндегі Брезна деген курортта «Ең жалқау адам» атағы үшін сайысып жатқандардың жантайып жатқанына бес аптадай болып қалды.
Жарыстың ережесі қиын емес: кім бір жерде орнынан тұрмай бәрінен ұзақ жатып алады, сол жалқаулар арасындағы чемпион атанады.
Жарыс басталғанда 21 адам жантайған.
Бес аптаның ішінде көбі шыдамай, тұрып кетіпті. Қазір 4 адам әлі жатыр, орнынан тапжылмай.
Жарыс ережелері мынадай:
- 8 сағатта бір рет 10 минутқа туалетке тұруға болады;
- Тұруға және отыруға болмайды;
- тамақ-суды жатқан күйі ішіп-жеу керек;
- сөйлесе беруге болады;
- гаджеттердің бәрін пайдалануға болады;
- кітап оқуға болады.
Жалқаулар жарысы бұл елде 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Ондағы идея – черногориялықтар жалқау деген стереотипті мазақ ету.
Биыл бұл жарыс халықаралық мәртебеге ие болды, жарысқа Сербиядан бір азамат келген екен.
Бас жүлде — 1 000 евро.
