Тағы қарыз. Қазақстан Қазақстан Халықаралық қайта құру банкінен 345 млн евро қарыз алатын болды. Бұл қарыз толығымен бюджет тапшылығын болдырмауға жұмсалады.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, биыл шілдеде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған.
Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді,
деді Е.Жамаубаев.
Министрдің сөзінше, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жылға дейін беріледі. Ал қарызға берілетін ақша қарыз туралы келісім күшіне енген күннен бастап транш түрінде бөлінеді.