Фото: ашық дереккөзден
Мырзағали Айтжанов құрамада «Байдың балалары» жүргенін айтты.
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында қазақ боскшыларының ең басты кемшілігін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ол біздің боксшыларға жаттығудан бөлек қара жұмыспен айналысқан дұрыс деп санайды.
Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүреді.
Ал біз осы жағынан сәл осал болып тұрмыз. Біздің балалардың бәрі – қаланың балдары. Мен кейде кекетіп «байдың балалары» деп қоямын. Бәрі ақсаусақ сияқты болып кетті. Сол үшін ешкімді аямау керек. Қазақтың балаларын жұмысқа салу керек. Жұмыстан ешкім өлмейді. Күшейіп, қатайып, мықты шымыр жігіттер болады
деді Мырзағали Айтжанов.
Сондай-ақ бас бапкер өзінің жеңілісін өзгеден көретін боксшылар туралы айтты.
Жігіттеріміздің кейбірі тойлап қойды, жүріп қалды. Сөйтіп, өзінің бабына келмей, дұрыс бокстаса алмай, мамандарды кінәлағандары өте ұят деп ойлаймын. Мен тек естімей-ақ, кім айтуы мүмкін дегенге айтып жатырмын. Сол боксшының бапкерлері айтуы мүмкін. Біреуден іздейді.
Адам бірінші кезекте кінәні өзгеден емес, өзінен іздеуі керек. Кем-кетікпен жұмыс істеп, қайтадан күшті боламыз деп жатырмын,
дейді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…