Бірақ жас қыздарды, кәмелетке толмаған балаларды тоқалдыққа алу арқылы әйелдердің құқы тапталып отырды.
Айка деген жас қыздарды көне кәсіпке баулитын, жұмыс тауып беретін, яғни жұмыс беруші екен. Бұл кәсіпке тәрбиенің де, экономиканың да қатысы болмауы мүмкін. Бұл, дәл осы заманда, жеңіл ойлау.
Мыңжылдықтарға кейін шегінсек, осы кәсіп римдіктер кезінде қалыпты болды.
Қала заңында мораль емес аштан өлмеу ғана бұқараның жалғыз мәселесі еді.
Балалар көшеде туды, көшеде өсті.
Ал дала заңында, яғни қазіргі қазақ даласында рулық, тайпалық қауымдасу әлеуметтік-моральдық мәселелерді бірге шешуге қалыптасқан қоғам болды. Сөзге тоқтау, ұят болады, жұрт не дейді, міне, осы тәлім-тәрбие ғасырлар бойы қоғамдық санада сақталды.
Десек те, адамдардың сезімі, қажеттілігі әртүрлі болғандықтан қоғамдық санадан ауытқу да болады. Қазақ даласына мұсылман әлемінің енуімен бірге әйел құқын таптау қоса енді. Біреуден артық әйел ұстау — шағын гарем. КСРО көп әйелдік-гаремді жойған кезде еркектер жабайы гаремдік сезімін қанағаттандыру үшін ақшаға махаббат сатып алу сұранысы пайда болды. Әйелдердің де бәрі күнәсіз емес. КСРО кезіндегі жезөкшелердің бәрі күндіз жұмыс істеді. Бірі тек ақша үшін өзі барса, қыздардың басымын «жыныстық құл» ретінде заңсыз ұстап отырды. Мафия, наркотик, ұрлық және адам сату -қазіргі уақытта Әлемдік деңгейдегі ең ірі ұйымдасқан қылмыс. Қылмыс бар, себебі оған сұраныс бар. Еуропада заңдастырған жезөкшелік орындар бар, соған қарамастан заңсыз жезөкшелік те қатар дамып отыр. Бұл қылмыста сұранысты тудырған тарап та, сұранысты қанағаттандырған тарап та жазалануы тиіс.
Жезөкөшелерді ұстайды, соттайды, айыппұл салады, бірақ оларды сатып алушылар, пайдаланушылар жауапқа тартылмайды. Олар, яғни секс қызметін пайланаушылар, жезөкшелердің келесі толқынын тудырады.
Бай еркектердің жыныстық сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы ашылатын үйлер Қытай, Жапония, Үнді, Батыс елдерінде ежелден жұмыс істейді. Ал кедейлер де қалыспай, баласының аузынан жырып өз ауласындағы жезөкшеге береді. Мұның бәрі- адам санасының ең төмен сатысы.
Қылмысты жою үшін алдымен сұранысты жою қажет. Ал сұранысты жою әркімнің санасымен жұмыс деген сөз. Санаға келгенде бәрі қиындап кетеді.
Балалардың жүрген ортасына мән берген жөн. Қадағалау керек. Жастарды мешітке тарту, намазға жығу арқылы сананы басқару жезөкшеліктен де тез дамитын, қауіпті үрдіс. Қазақтың балаға сана бер дейтіні рас.
Санамызды жоғалтып алмайық.
Жұлдызай Көшімбекқызы