Мәскеулік ЦСКА футбол клубы түркиялық «Бешикташ» тарапынан қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновті сатып алу бойынша жасаған ұсынысын қабылдады.
Мәскеулік ЦСКА өзінің әмбебап ойыншысын түрік ұжымына жіберуге келісімін берді.
ЦСКА талап еткен 6,5 млн еуроның орнына 4 млн еуро сұрап отыр. Бастапқыда «Бешикташ» дәл осы соманы ұсынған болатын.
Енді келіссөздер сәтті өтсе, қазақ футболшысы Ыстамбұлдық командамен 4 жылдық келісімшартқа отырады.
Еске сала кетсек, Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған болатын.