Түркияның «Трабзонспор» футбол клубы қазақстандық ойыншы, петерборлық «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліпті сатып алуға ниет білдіріп отыр.
Бұл туралы Fotospor хабарлады.
Дереккөздің ақпаратына сенсек, Нұралы Әліп Түркияда легионер саналмайтын болғасын «Трабзонспор» осындай шешімге келіп отыр.
«Трабзонспор» мен «Зенит» жақын арада келіссөздерге кіріседі деп күтілуде.
Түрік клубы құрамының ротациясы үшін орталық қорғаушы іздеп жүрген.
- 23 жастағы Нұралы Әліптің трансферлік құқығын «Зенит» 2023 жылдың қаңтарында «Қайраттан» сатып алған болатын.
- Өткен маусымда қазақ қорғаушысы барлық турнирде 13 матч өткізді.