Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Қазақша дубляждың бағы неге жанбады?
Маңызды

Қазақша дубляждың бағы неге жанбады?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.11.2022
Обновлено 15.11.2022 в 03:11
Поделиться
Поделиться

Қазақша субтитрлер де, дубляж да көрермен санын көбейте алмай отыр.

Мазмұны
Субтитрлер сын көтермейдіТуған тілімізде кино көру қиындап кеттіПроблеманың шешімі

Субтитрлер сын көтермейді

Шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесі соңғы 10 жылда бірнеше рет көтерілді. Бастапқыда көрермендер барлық фильм қазақ тіліне аударылуы керек деді. Алайда, кинотеатр басшылары фильмді аудармасымен бірге ресейлік дистрибьютерлерден сатып алатындықтан, бұл шешім бола алмады.

2019 жылы мәжіліс депутаттары ең дұрысы — шетелдік фильмдерді қазақша субитрлармен көрсету деген шешімге келді. Кинотеатрларға заңға бағынып, барлық фильмге қазақша субтитр қосу міндеттелді.

Алайда, қуаныш көпке созылған жоқ. Көрермендер субтитрлардың грамматикасы мен мәтіннің мазмұны сын көтермейтінін айтып наразы болды. Бұл мәжіліс депутаттарын қазақ тілі дубляжына қойылатын талаптарды күшейту туралы тағы да заң қабылдауына мәжбүрледі. Жаңа заң бойынша аударма нормасы жіті қадағаланатын болды.

Десе де субтитрлардың сапасыз аудармасы және техникалық ақаулардан оқылмай қалатыны туралы шағымдар әлі де жарияланып тұрады. Ал дубляж режиссері Назерке Лесбекқызының пікірінше, субтитр қазақ тілінің мәртебесін түсіріп отыр. Өйткені, Қазақстанда тұрып, кинотеатрдан орыс тіліндегі фильмдерді көру ақылға қонымсыз.

Қазақстанда субтитрді ешкім оқымайды да. Өйткені, бәрі орыс тілін біледі. Еш пайдасы жоқ дүние үшін ақша жұмсап жатырмыз. Мысалы, балаларға арналған фильмдердегі субтитрді ешкім оқып үлгермейді. Бұл балалардың құқығы бұзылып жатқанын білдіреді. Әр бала мультфильмді қазақ тілінде көруге құқылы,

дейді Назерке Лесбекқызы Informburo.kz сайтына берген сұхбатында.

Туған тілімізде кино көру қиындап кетті

Субтитрдан бөлек, шетелдік туындыларды «Болашақ» корпоративтік қоры да дубляждайды. «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гапланның айтуынша, 10 жыл ішінде «Болашақ» қоры демеушілердің қолдауымен отбасылық көруге арналған 38 фильмді қазақ тіліне дубляждап, әлемдік анимация және ойын киносы шедеврлерінің қазақ тіліндегі алтын қорын құрды. Оның ішінде 15 Disney студиясының фильмдері, 9 Disney және Pixar студияларының бірлескен анимациялық фильмдері, 6 Sony Pictures студиясының фильмдері, 2 — Lucasfilm Ltd., 4 — Marvel Studios Inc. және 2 — Bazelevs. Жобаның арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актер Disney дауыстық базасында тұр. Жыл сайын дубляжға 300 қазақстандық актерлер мен әртістер қатысады.

Осылайша кем дегенде бір әлемдік премьера жыл сайын кәсіби қазақ тіліне аударылады. Бұл да мәселені бүтіндей болмаса да, жартылай шешкендей болған еді. Алайда олардың көрсетілімі де жыл сайын қоғамда шуға ұласады.

Көрермендер кинотеатрда қазақшаға дубляждалған фильмдердің көрсетілім саны тым аз және ыңғайсыз уақыттарға қойылатынына жиі шағымданады. Ал кейде кинотеатр өкілдері адам аз жиналғандықтан, бастапқыда қазақша көрсетіледі деген фильмді орысшаға ауыстыра салатын да жағдайлар кездескен.

Биыл «Болашақ» корпоративтік қоры аударған «Қара қабылан: Ваканда жасасын» блокбастері қазақшаға дубляждалып, ел кинотеатрларына жол тартты. Бірақ, көрермендердің айтуынша, қазақша аударылған фильмнің көрсетілім саны тым аз, әрі ыңғайсыз уақыттарға қойылған.

Астаналық тұрғын Есбол Нұрахмет осы мәселені көтеріп Facebook парақшасында жазған.

«Әдемілеп қазақшаға аударған. Енді кинотеатрларда күні бойы 10-15 сеансқа дейін қойып жатыр. Соның тек біреуі әрең қазақша, оның өзі не таңертең, не түске қарай. Бұл не деген иттік? Жұрт жаппай көріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, бірақ орысша көріп жатыр. Орысша көруінің басты себебі – ыңғайлы уақытқа қоймауынан деп қана түсінемін. Министрлік қаншама қаржы жұмсап, қазақшаға аударған екен, енді соның ыңғайлы уақытқа қойылуына неге мән бермейді?»

деп жазды ол.

«Болашақ» корпоративтік қорының өкілі Айымгүл Орынбаеваның айтуынша, кинотеатр — бұл бизнес. Қай фильмді қай уақытқа қою керегін олар өздері шешеді. Сондай-ақ адамдардың да қазақшадан гөрі фильмді орысша көру ыңғайлырақ деген түсінік қалыптасқан.

«Кинотеатрлар кәсіпкерлердің меншігінде. Біз фильм шыққан сайын күнделікті кестені жинаймыз. Кинотеатрларға қоңырау шаламыз, қазақ тілін қолдауға шақырамыз, бәріне ыңғайлы уақытқа қоюын сұраймыз. Ал кейбір кинотеатрлар біздің өнімімізді «қазақ тіліндегі фильмдерге сұраныс жоқ «деген сылтаумен мүлдем қабылдамайды. Жалпы сұраныс бар. Бізге күніне жүздеген хабарламалар келеді, фильмдер ыңғайсыз уақытқа қойылған деп шағымданады. Біз сұраныс бар екенін білеміз, бірақ кинотеатрлар өз кезегінде мұны мойындамайды. Егер кешкі және түнгі сессиялардың саны едәуір көбейсе, онда келушілер саны артып, бұл өнім орыс тіліндегі фильмдермен бәсекелесе алар еді. Көбісі фильмдерді орыс тілінде көруге дағдыланған. Бірақ біз дубляж тілін мүмкіндігінше жеңіл, жылдам, түсінікті ету үшін сапалы өнім жасаймыз», — дейді ол Елорда Инфо порталына берген сұхбатында.

Проблеманың шешімі

Журналист Жалғас Ертай кинотеатрда қазақ дубляжына баратын адамды қалай көбейтуге болатыны туралы Мәдениет министрі Дәурен Абаевқа сауалхат жолдапты.

Оның айтуынша, қазақша дубляждалған фильмдерге адамдар аз баруының екі себебі бар:

  • Біріншісі — халықта қазақшаға аударылған фильмдерге бару дағдысы жоқ.
  • Екіншісі — әлеуметтік себеп, яғни кино билеттері көпшілік үшін қымбат.

Бизнестің прайм-тайм уақытына орысша дубляждалған фильмдерді қоюының басты себебі осы, дейді журналист.

Ал мұның шешімі, Жалғас Ертайдың пікірінше, үкімет қазақша дубляждалған фильмдердің билет құнына субсидия беруі керек. Яғни, қазақша дубляждалған фильмдердің билеті әдеттегі фильмдердікіндей 2000 теңге емес, 1000 теңгеге арзан болуы тиіс. Қалғанын мемлекет субсидияласын.

Егер мемлекет билеттің 50 пайызын субсидияласа, кинотеатрлар да қазақша дубляжға көбірек адам келуіне мүдделі болар еді. Кинотеатрлар да ұтар еді, контентті қаржыландырып отырған мемлекет те ұтар еді. Халықта да қазақша киноға бару дағдысы қалыптасар еді.

Бірақ бұл жерде басты нәрсе — субсидия мәңгі болмауы керек, 3-5 жыл бойы жалғасса жетер деп ойлаймын. Ары қарай нарық өзі алып кетеді,

дейді Жалғас Ертай.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 15.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?