Соңғы 10 жылда алғаш рет Қазақстанға 28 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Олардың көпшілігі Еуропа елдері.
Өткен жылдың ТОП-инвесторлары қатарына:
- Нидерланды — $8,33 млрд (өсім – 19,7%)
- АҚШ — $5,1 млрд (+81,9%)
- Швейцария — $2,8 млрд (+2,4%)
- Бельгия — $1,56 млрд (+46%)
- Ресей — $1,52 млрд (-19,7%)
- Оңтүстік Корея — $1,48 млрд (+84,8%)
- Қытай — $1,43 млрд (-22,5%)
- Франция — $770,2 млн (+27,4%)
- Ұлыбритания — $661 млн (-35,7%)
- Германия — $469,5 млн (+45,4%)
Инвестициялар ең көп тартылған салалар: тау-кен өнеркәсібі,өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, көлік және қоймалау, құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметі, электрмен жабдықтау және газ беру.
Осы бағыт бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 13 пайызға артып, 3,9 миллион адамға жетті. Өткен жылы 980 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Қаңтар және наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9 пайызды құраған.