Қыркүйектің соңғы күндері Қазақстаннан 40 мыңға жуық ресейлік кетті, деп хабарлайды LS.
Биыл ресейліктер 2019 жылмен салыстырғанда аз келді
ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы полковник Аслан Аталықовтың айтуынша, Ресей әуежайларындағы үлкен сұранысқа байланысты Қазақстанға авиабилеттер тапшы.
Иммигранттар ағымының себептерінің бірі — ресейліктердің біздің әуе айлағымызды релокация үшін пайдалану мүмкіндігі. Транзитке келетін болсақ, қыркүйектің соңғы күндері Қазақстаннан 40 мың РФ азаматы кетті. Мыңдаған адам еліміз арқылы оңтүстікке – Қырғызстан мен Өзбекстанға аттанды. Бес күннің ішінде 6 мыңға жуық ресейлік әуежайлар арқылы ұшып кетті,
деді ол.
Жалпы Аталықов 2019 жылы пандемия болмаған жылы Қазақстанға 2,8 млн ресейліктің келгенін атап өтті.
Ал биыл тоғыз айда – 1,6 млн, яғни әлдеқайда аз,
деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ол 1-24 қыркүйек аралығында ІІМ-ге тұруға рұқсат алу үшін 896 шетелдік азамат өтініш білдіргенін және олардың 115-і немесе 10%-ы Ресей Федерациясының азаматтары екенін айтты.
Қазақстандық әйелмен некеге тұру — 3-5 мың доллар
Туроператор Роза Есенқұлованың мәліметінше, шетелге барлық «ыстық турларды» ресейліктер жаппай сатып алған. Нақты одан бірнеше адам сатып алғанымен, әріптестерінің саудасы қызу жүрген. Көбі тез арада БАӘ және Түркияға ұшып кетуді қалаған. Яғни, келіп жатқандардың барлығы осында қалуды ойламайды, көбі әрі қарай басқа елдерге кетіп жатыр.
Олардың картасын біз қабылдамайтындықтан олар осында қазақстандық картасы бар адамдарды тауып жатты. Біз қашықтықтан төлеуге сілтеме береміз, әрі қарай олар өздері достарымен есептеседі. Жұмыс күндері кассада қолма-қол ақшамен төлей алады. Осы жақында қаншама рубль теңгеге ауыстырылды десеңші,
дейді Роза Есенқұлова.
Сондай-ақ, қазақстандық әйелдермен некеге отыру да сұранысқа ие. Айтуынша, оның құны 3-5 мың доллар шамасында. Келіп жатқандар жұмыс іздеп, компаниялар ашып, тұруға ықтияр хат рәсімдеп жатыр. Тұруға ықтияр хаты болса Шенген визасын да рәсімдеуге болады екен.
Бәрі бақылауда
Қазақстанға келіп жатқан барлық шетелдіктер туралы айтатын болсақ, жыл басынан бері елімізге 4,3 млн адам келді. Атап айтқанда, Ресейден – 1,7 млн (39%), Өзбекстаннан – 1,5 млн (34%), Қырғызстаннан – 547 мың, Тәжікстаннан – 200 мыңнан астам, Беларусьтен – 53 мың, Түркиядан – 68 мың, Германиядан – 43 мың.
Осы уақыт ішінде Қазақстаннан 4,1 млн шетелдік кетті. Оның ішінде: 1,6 млн Ресей Федерациясының азаматы, 1,3 млн Өзбекстан азаматы, 540 мың Қырғызстан азаматы, 196 мың Тәжікстан азаматы.
Аслан Аталықовтың айтуынша, шетелдіктерді бақылау олар мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап жүзеге асырылады.
Толық мәліметтер – төлқұжат деректері, кіру мақсаты, қайда бара жатыр – дереу біздің көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне түседі. Қабылдаушы тараптардан қосымша – заңнама бойынша оларға хостелдер, қонақ үйлер, пәтерлер жатады — олардың тұрғылықты жері, орналасқан жерлері туралы деректер келіп түседі. Күн сайын көші-қон қызметкерлері бұл мәліметтерді тұрғылықты жерінің шетелдіктердің өтініш берген мақсатына сәйкестігін тексеру үшін учаскелік полицияға береді,
деп атап өтті ол.