АҚШ-тың қаржы министрлігі Қазақстанды, Қырғызстанды, Өзбекстанды және бірқатар посткеңес елдерін санкцияға алынған тауарларды Ресей мен Беларусь Республикасына кіргізуі мүмкін мемлекеттер қатарына қосты, деп хабарлайды 24.kg.
Толық тізім қаржы министрлігінің Қаржылай қылмысымен күрес желісі (FinCEN) және Өндіріс және қауіпсіздік бюросы (BIS) деген екі бөлімі ұсынымдарында бар. Олар қаржы мекемелерін «жеке немесе заңды тұлғалардың эксперт бақылауынан жалтаруға тырысуға қатысты қырағы болуыға» шақырды. Мұндай бақылау Ресей Украинаға басып кірген соң пайда болды.
Жоғарыда аталған елдермен қатар Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб әмірліктері санкцияланған тауарларды Ресейге жөнелтетін «ауыстырып тиеу пункттері» деп аталды.
Ұсынымдарда бақылауға жататын тауарлардың осы мемлекеттерге заңды түрде шикізат ретінде экспорттауға болатыны, бірақ оларды ары қарай Ресей Федерациясына немесе Беларусь Республикасына «ауыстырып тиеу пункттері есебінен» одан әрі экспорттауға тыйым салынғаны айтылған.
Өндіріс және қауіпсіздік бюросы «ерекше алаңдататын» тауарлар қатарына әскери мақсатта қолдануға болатын мынадай техника түрін жатқызады: ұшақтың қосалқы бөлшектері, гидроакустикалық жүйелер, антенна, спектрофотометрлер, сынақтан өткізуге арналған жабдықтар, GPS жүйелері, вакуум сорғыштар, мұнай кәсіпшілігі жабдықтары.