Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қазақстан армиясы әлі кеңестік жүйемен жүріп-тұрады
Саясат

Қазақстан армиясы әлі кеңестік жүйемен жүріп-тұрады

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 22.08.2022
Обновлено 22.08.2022 в 05:08
Поделиться
Фото: massaget.kz
Поделиться

Қазір әскердегі сарбаздар өлімі жиілеп кетуінің басты себебі – әскердегі тәртіптің әлі сол бұрынғы кеңес үкіметінің жүйесінде қалып қоюы. Ол заманда борышын өтеушілер әскери қысымға шыдай алды. Ал қазір телефон ғана қолданып, қиыншылық көрмеген жастар әскерге баруда, деген екен психолог Ермек Нұрымов adyrna.kz сайтымен бөліскен пікірінде.

Қазіргі ұлдар әскердегі қатаң жүйеге төзе алмай, әсіресе психологиялық әлсіз балалар шыдай алмай жатады. Бұл – бір. Екіншіден, әскерде болсын, жалпы біздің қоғамда болсын, ұлттық идеологияның әлі пісіліп-жетілмеуінің салдарынан болып отыр. Өзге мемлекетпен салыстырып қарайтын болсақ, мәселен, мұсылман мемлекеті Түркия. Ол жақта әскери борыш мерзімі 2 немесе 3 жыл. Сонда да олар “елімді, жерімді қорғаймын” деп, әскерге баруға талпынып тұрады. Өйткені олардың идеологиясы, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мүлде басқа. Ал біздің идеологияның кемшіл тұстары өте көп. Жастардың нақты мақсаты жоқ болғандықтан, мәжбүрлі түрде әскерге барғандықтан әскерде шыдай алмай жатады, дейді психолог.

Ермектің айтуынша, әскерде өз-өзіне қол жұмсаудың салдары ата-ананың балаларына рухани азықты толыққанды бере алмағанынан болуы мүмкін. 

Қазір жұмысбасты ата-аналар балаларына рухани азық бере алмай, әскердің маңыздылығын түсіндірмей жатады. Шетел психиатрі, ғалым Виктор Франкл фашистердің еврейлерді қамап ұстап отырған кезінде суицидтің салдарын зерттейді. Еврейлер қиналып жатқан кезде ішінде қанша қиындыққа төтеп бергендері бар. Бірақ қиыншылыққа шыдамай, сол жерде өзіне-өзі қол жұмсағандары да бар. Солардың арасын ажыратып, зерттеген кезде мынадай тұжырымға келген: адам іші бос, қуыс, яғни нақты мақсаты, өмірге деген сүйіспеншілігі, рухани азығы болмағанда өзін өлімге итермелейді екен,

дейді ол.

Сондай-ақ, рухани азықтан бөлек, адам психологиялық азықпен де сусындауы керек екен.

Адамда негізі үш азық болуы керек. Біріншісі, ол – рухани азық, екінші – материалдық азық, үшінші – психологиялық азық. Әке-шешесі материалдық жағынан қанағаттандырамын деп жұмыс істеп, киіндіріп, ішіп-жегізіп жатыр дейік. Алайда балаға рухани қолдау, психологиялық тұрғыдан көмек жоқ. Бала кезден ұлттық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды толыққанды сіңдіре алмайды. Мысалы, ненің жаман, ненің жақсы екенін көрсету керек. Кішкентайында ертегі айтып, батырлардың ерліктерін айту керек. Осындайды жастайынан сіңірмеген баланың психологиясы өте әлсіз болады. Одан кейін геннен келуі де мүмкін. Ата-бабалары суицидке жақын болуы мүмкін. Мұны да зерттеу керек, дейді психолог.

Психологтың айтуынша, кез келген адам әскерге бармас бұрын психологиялық дайындықтан өтуі керек.

Мен студенттерімнен “әскерге барғыларың келе ме?” деп сұрағам. Сонда түсінгенім, қазақ тобының 99%-ы “барамын” деп құлшынып отырады. Ал орыс тобының басым көпшілігі “уақытымды текке құртпаймын, бармаймын” деп жауап береді. Сонда бір жағынан қарап отырсақ, ауылда өскен, немесе сол таза қазақи отбасындағы балалардың елін қорғау, отанын қорғауға деген құлшынысы бар екенін байқайсың. Ал орыс тобында өскен балалардың мейлі, қазағы болсын,  орысы болсын, олардың баруға деген ынтасы төмен. Әскерден қорықпау үшін отбасынан бөлек, мектеп қабырғасында да үйрете беру қажет. Қазіргі жастарға аға буынмен араласу, әңгіме-дүкен құру жетіспейді. Соның салдарынан әскерде зардап шегіп жатады,

деген екен психолог.
ТЕГи: Главное, Руханият, Сарапшылар ойы
Айдын Қайнарұлы 22.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?