Рок-әнші Земфираның Қазақстанда өткен концертіне көңілі толмады. Ол гастрольдерінің ұйымдастырылуын сынға алды.
Үш түрлі концерт, сан-саққа жүгірген ойлар. Қазақстандағы ұйымдастырылуы өте нашар болды. Кәсібиліктің арқасында алып шықтық. Бірақ басқасы, сүйкімді маркиза… рахмет,
деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Оқырмандар рок орындаушысының бұл жазбасының астында мыңға жуық пікір қалдырған. Қолданушылар Қазақстан сөзін кіші әріппен жазып, жанкүйерлерге құрметсіздік танытқан әншіге ренжулі.
- Земфира, есіңізде көрермендердің махаббаты мен алғысы емес, концерттің ұйымдастырылуы ғана қалғаны өте өкінішті. Елдің атауы бас әріппен жазылады!
- Сіздің концертіңізге билеттің құны әлем танитын Вlack eyed peas тобымен бірдей болды. Ал олар әлеуметтік желіде жанкүйерлерге алғысын жаудырып жатты. Сіздің мұндай сезімді бастан өткермегеніңіз өте өкінішті.
- Сіздің елде концертті жоғары дәрежеде ұйымдастырады деген ойдаймыз, сонда барыңыз, соған лайықсыз.
- Иә, мен сізді сүйіп тыңдайтын едім, бірақ елімнің атауын кіші әріппен жазылғанын көрген ұнамайды. Тыңдарманға бір ауыз жылы сөз айтуға жарамапсыз. Бірақ сіз кім, мен кім…