Үйретілген иттер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккен ауған халқына көмек қолын созбақ.
Ауғанстанның Герат аймағында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тиеген арнайы рейс Астанадан ұшып шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Төтенше жағдай министрлігінің гуманитарлық көмек тиеген Y8F200W ұшағы Астанадан Алматыға ұшып шықты.
Бүгін Ауғанстан мемлекетінде болған жер сілкінісіне байланысты гуманитарлық көмек тиеп жатырмыз. Қазір Астана қаласынан 1 тонна медициналық бұйым мен дәрі-дәрмек арттық. Одан кейін Алматы қаласынан шатырлар алып, Шымкент қаласынан тағы медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек тиейміз. Келесі күні осы гуманитарлық көмектің бәрін Ауғанстан мемлекетіне жеткіземіз,
дейді Ұлттық ұлан әскери бөлімінің авиациялық жасақ командирі Нұрғали Топанов.


