Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Қазақстан азаматтығын алуға бар болғаны 68 өтініш түскен. Азаматтық алудың белгілі бір процедуралары бар, олар сол арқылы өтеді,
деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, министрден Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктив топтарда бар-жоғын ажырататын сынақтан өткізе ме деген сұрақ қойылды.
Әрине, барлығы бақылауда тұр. Мұндай жағдайлар болса, тиісті шаралар қолданылады,
деді министр.
Айта кетейік, елімізге 21 қыркүйектен бері келген 70 мың ресейлік жеке сәйкестендіру нөмірін алды.