Екінші деңгейлі банктерінен несие алған Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения азаматтарының саны 1200-ден асты. Ал жалпы қарыз көлемі 116 миллиард теңге екен.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың басым бөлігі ресейліктер. Мәселен, ресейлік 1135 жеке және заңды тұлғаның несие берешегі 76 миллиард теңгеге жуықтайды. Ал қырғызстандықтардың қарызы 40 миллиард теңгеден асқан.
Бұдан бөлек Беларусь елінің 14 азаматы біздегі қаржы ұйымдарынан 3 миллион теңге несие алған. Армениялық 5 борышкер алған несиесін өткен айда толық қайтарыпты.
Айта кетейік, екінші деңгейлі банктерге Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы 5 мемлекеттің азаматтарына несие беруге рұқсат етілген.