Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 07.00-де, ал Алматыда сағат таңғы 06.30-да оқылады.
Ораза айт (араб — ‘ид әл-фитр) — ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.