Іші түтін, сырты бүтін елміз.
Шындығында, барлық салада көрсетілетін статистика өтірік. Шынайы көріністен мүлдем алшақ. «Әдемі» көреткішке ұмтылу идеологияның, адамгершіліктің, мәдениеттің, өмірлік құндылықтардың мүлдем жойылуына әкелді, деп жазды Дина Тансәрі.
Осындай көзбояушылық бізді бала кезімізден өтірік айтуға үйретеді. Осы қырық өтірікке уланып туыламыз да, өлеміз де. Әдемі статистикалық деректерге сүйеніп заңдар мен өмір тәртібі белгіленеді.
Нәтижесінде, Қазақстан сырты әдемі кәмпит қағазына оралған «күшті» ел болып көрінеді.
Мемлекет халықтың мүшкіл халіне шын көңіл аударған кезде, өтірік статистиканың түк қажеті болмай қалады. Халық жай ғана қарапайым өмір сүруге ұмытылады.
Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау, педофилия, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлық, сөз бостандығы мен адам құқығын бұзу бойынша бірінші елдердің қатарында.
Бізде жалақы төмен, азық-түлік бағасы қымбат.
Мемлекет диктатураға ойысып барады. Ал биліктегілер елдің барлық байлығын ұрлап біткенше, халықты тонап аш-жалаңаш қалдырғанша тоқтамайды.
«Жаңа Қазақстан» ұғымының не екенін білмейміз де, әйтеуір құрамыз деп ұрандатып келеміз. Халыққа жаны ашып отырған министрлік пен әкімдік жоқ. Олар семіріп келеді, халық кедейленіп барады.
Ашулы халықтан не күтуге болады?
Тәтті өтіріктен гөрі, ащы көрсетілген статистика болғаны дұрыс.