Ұлттық құрама еуропалық турнирге іріктеу кезеңінде қатарынан үш рет жеңіске жетті.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайты Қазақстан ұлттық құрамасының жетістіктерін айтты.
Ұлттық құрама рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша 112-орыннан 104-орынға көтерілді.
Аргентина көш бастап тұр, Армения мен Қазақстан айтарлықтай көтерілді,
деп жазылған ФИФА мақаласында.
Бұған дейін ұлттық құрама еуропалық турнирге іріктеу кезеңінде қатарынан үш рет жеңіске жетіп, Н тобында көш бастап тұр.