Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хельсенкиде камбэк жасады. Қазақстан құрамасы Финляндия құрамасын 2-1 есебімен ұтты.
Ойынның бірінші таймында финдер ұтып шықты. 28-минутта Мессидің командаласы Роберт Тэйлор алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймды қазақстандық футболшылар ширақ бастады. Асхат Тағыбергеннің алыстан шиіре тепкен добы қақпа бағанынан қайтты. 77-минутта бас төреші VAR жүйесін қарап, финдер қақпасына пенальти белгіледі. Бахтиер Зайнутдинов 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.
Ойын аяқталар тұста бұрыштамадан асырылған допқа Бахтиер бірінші жетіп, баспен жеңіс голын соқты. Осылайша бұл Зайнутдиновтің Финляндияға қарсы ойындағы екінші голы. Бахтияр Зайнутдинов ұлттық құрама сапында ең көп гол салған ойыншы атанды. Бұған дейін «үздік бомбардир» атағы Руслан Балтиевке тиесілі еді.
Қазақстан құрамасы «Н» тобында 15 ұпаймен 3-орынға көтерілді. Осылайша Еуропа чемпионатына бір қадам жақындай түсті.
Футболдағы бір жылдың ішіндегі Қазақстанның жетістіктері кездейсоқ емес.
Біз жас ұлтпыз.
Номадтық тарихи жады жаңа заманға бейімделіп, өзінің пассионарлығын көрсетуде.