Тағы үш жоғары оқу орны қордың «Білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысады. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының Instagram-аккаунты жазды.
Енді қор Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті оқу орындарында білім алуға грант береді.
«Қазақстан халқына» қоры грантқа түспеген ауылды жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, ата-анасы жоқ балалар мен грант алмаған мүгедектігі бар балаларға бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім ақысын төлеуге гранттар береді.
Бұған дейін 2022-2023 оқу жылына арналған бағдарламаға қатысатын ЖОО тізіміне 76 оқу орны кірген еді. Студенттерге мамандық таңдауға қатысты шектеу жоқ.