Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткенін мәлімдеді.
Аталған ақжолтай жаңалықты президент қуана жеткізді.
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді,
деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, ел халқының саны тұрақты өсуді жалғастыруда. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша халық саны 19 миллион 944 726 мың адамға жетті.