Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу сатымында төртінші тур ойынын өткізді.
Н тобындағы Магомед Адиев командасы Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесті. Екі команда арасында өткен кездесу қазақстандықтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Жалғыз голды 88-минутта ойынға қосылған Абат Айымбетов соқты. Шабуылшы «Астана» өз аумағында допты қабылдап, британдық команда қорғаушыларын айналып өткен соң қақпаға қарай жылжып келіп, қақпашы Бэйли Пикок-Фаррелді қапы қалдырды.
Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрама тоғыз ұпай жинады. Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар.
Құраманың киім ауыстыру бөлмесінде, бас бапкер — Магомед Адиев футболшыларды жігерлендіріп, алдағы уақытта көп нәрсеге қол жеткізетіндерін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы кезекті ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.