Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельде Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Мұрат Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралар және осы бағыттағы жұмыстың басқа да маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті,
делінген сыртқы істер министрлігінің таратқан ақпаратында.
Өз кезегінде Ильва Йоханссон Еуроодақ Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және тараптардың азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ұмтылатынын мәлімдеген.