Қазақстанның Сауд Арабиясымен тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-мамырда $3,3 млн құрады, деп хабарлайды LS.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,7%-ға төмендеді. Бұл ретте тауар импорты жалпы құны $1,3 млн бола отырып, 38,1%-ға азайды, экспорт көлемі, керісінше, 42,8%-ға ұлғайды және $2 млн құрады.
Қазақстаннан Сауд Арабиясына экспортталған тауарлар:
- ферроқорытпа — $1,1 млн-ға 250 тонна,
- кондитерлік өнімдер — $414 мың долларға 109,4 тонна,
- карбидтер — $121,7 мың долларға 164,5 тонна,
- жеке функциялары бар механикалық құрылғылар — жалпы сомасы $286,8 мың.
Сауд Арабиясынан Қазақстанға импортталған тауарлар:
- сұйықтықты шашатын құрылғылар — $395,2 мыңға,
- изоцианттар – $265,7 мыңға 91,8 тонна,
- полиэфирлер – $195,7 мыңға 51 тонна,
- лак-бояу бұйымдары – $106,6 мыңға 11,9 тонна,
- құрма, дәрілік заттар және бояғыш заттар.
Егер өткен жылғы деректер бойынша елдер арасындағы тауар айналымын қарайтын болсақ, ол 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1 есе өсімді көрсетіп, $8,7 млн жетті. Экспорт пен импорт сәйкесінше $5,5 млн және $3,2 млн құрады. Сыртқы сауда статистикасының деректері бойынша экспорт көлемі 3,9 есе өсті, импорт бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,5%-ға артты.
Экспортталатын тауарлар қатарына жалпы құны $1,5 млн аккумуляторлар, $1,2 млн сомасына ұшақтар, ферроқорытпалар — $1,1 млн 412 тонна, ерлер жейделері – $166,7 мыңға, сондай-ақ майкалар, карбидтер және қара металдардан жасалған бұйымдар кірді.
Сауд Арабиясынан осы кезеңде сұйықтықтарды бүркуге арналған құрылғылар – $1,6 млн-ға, дәрілік заттар ($470,3 мың 4,7 тонна), құрма ($419 мың 605,2 тонна), центрифугалар, шаян тәрізділер және полиэфирлер импортталды.
Айта кетейік, президент Сауд Арабиясының іскер топтар өкілдерімен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысып, ынтымақтастықты кеңейту үшін бірқатар келіссөздер жүргізді.