ҚР мен ҚХР арасындағы визасыз режим туралы келісім бүгін, 10 қарашада, күшіне енді.
2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді.
Келісімнің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.
Осы ретте, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.
Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Мәселен, өткен жылы екі ел арасында тауар айналымы 35%-ға артып, рекордтық $24,2 млрд-қа жетті. Биыл да қарқынды өсім жалғасуда: өткен айларда өзара сауда айналымы тағы 21%-ға өсті.