Қазақстен мен Қытай юаньмен өзара есеп айырысу туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану туралы шешімдерін іске асырады. Соның аясында Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту мүмкіндігін көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум клиринг және ұлттық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысуларды дамыту жөніндегі деректермен алмасу мәселелері бойынша орталық банктердің уағдаластықтарын бекітеді,
делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.
Меморандум жасасу – Қазақстан мен Қытай арасында қаржы саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадам.
Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл трансшекаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды неғұрлым кеңінен пайдалануға және өзара сауда және инвестициялық қызметті дамытуға ықпал етеді.