Қазақстанға дизельдік отынды жақын жеткізетін басқа ел болмағандықтан, елімізге жанармай Ресейден жеткізіледі.
Екі партияның көлемі 100 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл тапшылықтың алдын алу мақсатында жасалып отырған шара. Алғашқы партия қыркүйек айында жеткізіледі деп жоспарланған.
Энергетика министрінің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» компаниясы қыркүйек-қазан айларында дизель отынының қажетті көлемін импорттау туралы келісімшартқа қол қойған. Тиеу жұмыстары басталып кетті.
Сондай-ақ жылдың соңына дейін жанармай бағасы өзгермейді.
Алдағы 180 күнде жанармай бағасы өзгермейді. Қол қойылған тиісті бұйрық бар. Келесі жылы қалай болатынын көреміз,
деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.