АҚШ Ресейдің серіктес елдеріне санкцияларға байланысты шығындарды өтейді. Аймақтың барлық елдері Ресеймен сауда қатынастарына қандай да бір түрде тәуелді болғандықтан, Ресей Федерациясына салынған санкциялар олардың экономикасына да әсер етіп жатыр. АҚШ мұны түсінеді және оның салдарын өтеуге уәде берді.
Бұл туралы АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Orda басылымы.
Дүние жүзіндегі ондаған елдердің Ресейге салған санкциялары жайдан-жай пайда болған жоқ. Олар Украинаға басып кіргендіктен қолданылды. Жаңа мүмкіндіктер, жаңа жолдар мен экспорттық нарықтарды іздеп жүрген, Ресейден іргесін алыс ұстауға тырысатын елдерге көмектесетін боламыз. Мен қосымша 25 миллион доллар бөлетінімізді айттым, салдарды жақсы түсінеміз,
деді ол.
Оның айтуынша, Ресейдегі жұмысты қысқарта алатын компаниялар жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді АҚШ Қазақстанға параллель импорттың салдарынан елге қосалқы санкциялар салынуы мүмкін жағдайлар туралы ескертетінін айтты.
Қазір, Блинкин атап өткендей, Қазақстанға қатысты қосалқы санкциялар көзделіп отырған жоқ.