АҚШ мемлекеттік департаментінің санкциялар жөніндегі үйлестірушісі Джим ОʼБрайен Politico басылымына берген сұхбатында Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне көмектесіп отырған бес мемлекет анықталғанын хабарлады.
Бұлар – Түркия, Қазақстан, Грузия, БАӘ және Армения,
деді.
Оның сөзінше, 2023 жылдың басына қарай Ресейдің реимпорты Украинаға басып кірмей тұрғандағы импортының көлеміне жетіп алды. Батыс елдерінің микросхемалар мен электроника экспорты да соғысқа дейінгі көлемге жетті.
Ал микросхемалар мен электроника Ресейдің соғыс жүргізуіне аса қажет.
О’Брайеннің сөзінше, мәселе мынада: еуропалық компаниялар соғысқа керек заттарды әлгі бес елге сатады, олар өз кезегінде оны Ресейге қайта сатып келеді.