Қазақстанның Ресейге көрсеткен көмегінің көлемі туралы цифрлар жарияланды.
Белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің телеграм-арнасында келесі деректерді жариялады:
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (АҚШ, CSIS):
Қытай тауарларының Ресеймен көршілес елдерге экспорты артты. Бұл экспортты бөліп қарайтын болсақ,
“әсіресе Қазақстан мен Қырғызстан ерекше көзге түседі. Онда жүкті ауыстырып тиеу байқалуда
(параллельді импорт).
Қытайдың Орталық Азия елдеріне экспортының бір бөлігі іс жүзінде Ресейге тиесілі, және оны Қытай мен Ресей арасындағы сауда аясында ескеру қажет.
Сонымен қатар Финляндиядан Қазақстанға экспорттың күрт өскенін атап өткен жөн (+ 143%, 2022 ж.). 2022 жылдың соңында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне жыл басымен салыстырғанда әлдеқайда көп электр машиналары мен механизмдері, сондай-ақ көлік жабдықтары жөнелтілді. Финнің Орталық Азияға жөнелткен экспортының 70%-ы ЕО-тың Ресейге қарсы экспорттық санкцияларына ұшыраған тауарлар болып табылады.