US News 2023 рейтингінде жемқорлық ең аз елдер қатарында Қазақстан 87 мемлекеттің арасында 75-орында тұр. Бұл туралы finprom.kz порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық ең аз елдер арасында Швейцария, Канада, Швеция, Австралия және Нидерланд бар.
Ал ТМД елдерінің арасында еліміздің көрсеткіші Ресей мен Беларусьтен жақсырақ екен. Ресей рейтингтің ең соңына жайғасқан. Есесіне Өзбекстан мен Әзербайжанда жағдай бізге қарағанда дұрыстау.