Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға миллион доллар бөлуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Үкіметке апатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөлуді тапсырды,
делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанның уәкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, дүлей зілзаланың зардаптарын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін зерттеп жатыр.