7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабық болады.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі жазды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
7 және 9 мамыр күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз,
деді басқарма.