Қазақстандықтар маусымда Өзбекстанға шетелдік турист
ретінде келгендер саны бойынша бірінші орын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, Қазақстаннан 178 118 адам, Қырғызстаннан – 123 290 адам, Тәжікстаннан 113 216 турист келді.
Сондай-ақ, елге Ресейден 53 421 адам және Әзірбайжаннан 1 227 турист келді.
Алыс шет елдерден 22 578 келуші болды. Оның ішінде
АҚШ-тан 1504, Германиядан – 1495, Үндістаннан – 1477, Оңтүстік Кореядан – 1685 және Түркиядан – 7308.