Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Әдебиет > Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды
Әдебиет

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 12.05.2023
Обновлено 12.05.2023 в 03:05
Поделиться
Поделиться

Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан жазушыларының кезекті ХVІ құрылтайы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бес жылда бір рет өтетін жиында алдымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушыларға құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есептік баяндама жасады.

Ұлықбек Есдәулет өзінің 15 елдің қаламгерлері мүше ретінде кірген Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді.

Жиында сондай-ақ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушылар Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбаев, ақын-драматург Иранбек Оразбаев, Мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса және басқалар сөз алып, әдебиеттің толғақты мәселелеріне тоқталды.

Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ оның орынбасарлары белгілі болды.

Оның орынбасарлары болып төмендегі қаламгерлер сайланды: Нұржан Қуантайұлы, Бауыржан Өміржанұлы, Қасымхан Сейтханұлы, Бейбіт Сарыбай.

Хатшылары болып сайланғандар: Дәулеткерей Кәпұлы, Даурен Қуат, Тұрысбек Сәукетай, Әлия Бөкежан, Қазыбек Иса, Қансейіт Әбдезұлы, Бақытжан Қанапия, Жұмабай Шаштайұлы, Бигелді Ғабдулин, Қали Сәрсенбай,Ерлан Жүніс

Айта кетейік, қаламгер-журналист Мереке Әбдешұлы Құлкенов — 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған «Бас» драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған «Бәйтерек» республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004 ж.).

1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971 — 1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан пионері» газеті, Қазақстан телеарнасы, «Пионер» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі,

1993-1997 жылдар аралығында «Жалын» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы,

1997 жылдан бері «Ана тілі» республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,

1991 жылдан қазіргі күнге дейін «Өлке» баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.

«Құрмет» орденімен, ұлттық журналистік сыйлық «Алтын жұлдыз» т.б. бірнеше медальдармен марапатталды.

Анара Бауыржанқызы 12.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
РуханиятӘдебиет

Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов дүниеден өтті

04.04.2024
РуханиятӘдебиет

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

25.01.2024
Әдебиет

Тұңғыш президенттің «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты

01.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?