Сенатор Руслан Рүстемов бүгін осылай деп мәлімдеме жасады.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Айтуынша, топырақтағы зиянды тұздар мөлшерінің көптігінен, жер құнарсызданып жатыр.
Әсіресе бұл мәселе Сыр жұртын қатты алаңдатып отыр.
Қазір Қызылорда облысында суармалы жерлердің 22,1 пайызы күшті, 33,6 пайызы орташа, 44,4 пайызы әлсіз тұзданған.
Сенатор, өңірдегі ақуалды ескере отыра, мамандандырылған топырақтану зертханасын ашуды ұсынды.
Елдегі күріш алқаптарының 90 пайызын қамтитын Сыр өңірінде тұзданған жерлер аумағы ұлғайып, топырақтағы зиянды тұздар мөлшерінің өсуі салдарынан егіске қолайсыз жағдай қалыптасуда. Күріш егу көлемі қысқарған сайын, оның айналасында жұмыс жасап, отбасын асырып жүрген жұмысшы-механизаторлардың саны да қысқаруда. Сыр өңірінің топырақ ерекшелігіне байланысты күріш егілмесе, топырақтың екінші қайтара тұздану процесі күшейіп, баға жетпес суармалы жерлердің айналымнан шығу қауіпі өте жоғары,
деді Сенат депутаты Руслан Рүстемов.