Егін орағы аяқталып қалды. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтіліп отыр.
18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр. Осылайша Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз ете алды.
Енді өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау міндеті тұр дейді министрлік. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемі нақты белгіленетін болады. Өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр, бұл 30%-ға жоғары. Әлихан Смайылов дихандардың еңбегінің жемісін бағалап, мол өнім жинауымен құттықтады.
Осыған орай премьер-министр өңір әкімдеріне бірқатар міндет жүктеді.
Өңір әкімдері өнімнің астық қоймаларына уақытылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстасын. Келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керек,
деді Әлихан Смайылов
Премьер-Министр астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап, астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді және оны үздіксіз тасымалдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.