Categories: Экономика

Қазақстанда 25 кен орны шетелдіктерге сатылуы мүмкін

Елімізде 25  кен орны аукционға қойылады. Бұл туралы шет мемлекеттердің елшілерімен кездесу барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті.

Оның сөзінше, 25 кен орнында пайдалы қазбаларды өндіру құқығын беру онлайн форматта жүргізіледі.

Сатып алушылар ретінде қазақстандық компаниялар да, шетелдік компаниялар да қарастырылмақ.

Қарабаев инвесторларға қойылатын басты талаптардың бірі – өндірілетін минералдық ресурс жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

Бірінші кезекте жергілікті халықты өндірісте жұмыспен қамту қажет. Екіншіден, халықтың пікірін ескеріп, жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысу қажет,

деді ол.

Жер қойнауын игерушілер арнайы платформа арқылы бақыланады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, елімізде жер қойнауын пайдаланушыларды мониторингілеуге арналған Minerals.gov.kz платформасы әзірленді.

Ол геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге, лицензиялық учаскелерді бөлуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігі мен қызметінің мониторингін қалыптастыруға арналған.

Енді жер қойнауын пайдаланушылар мен әлеуетті инвесторларға іргелес инфрақұрылымнан бастап, геологиялық және геофизикалық есептерге дейінгі электрондық форматта сұралған учаске туралы толық мәлімет қолжетімді болады.

Платформада қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге өтінімдерді қабылдау, қарау және лицензия беру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұған қоса, онлайн қабылдаумен қатар, тіпті қағаз түрінде берілген өтінімдер де тіркеледі. Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте көзделген «бірінші келген – бірінші алады» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауына қол жеткізу құқығын сақтаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Платформаның автоматтандырылған құралдары табиғатты пайдалану қақтығыстарын бірден көрсетеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago