Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандағы тасжолдардың ақылы учаскелерінен қанша табыс түскенін айтты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша 2200 шақырымдық ақылы жолдан жалпы жиынтық 25 миллиард теңгеге жуықтаған.
Бұл қаражат бірінші кезекте осы жол учаскелерін күтіп ұстауға және ақы алу жүйесін ұстауға бағытталған,
деп түсіндірді Төлеген Абдуллин.