Білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Ахмед-Зәки Дархан Жұмақанұлы қазақстандық ғалымдардың аз болуының немесе елден кетуінің үш себебі бар екенін айтты.
Оның айтуынша, бірінші себебі — ғылым саласына қаржының аз бөлінуі.
Ғалымдар орташа 250 мың теңге жалақы алды. Бұл басқа салалармен салыстырғанда аз,
деді Дархан Жұмақанұлы.
Екіншіден, еліміздің көптеген ғалымы шетелге тәжірибеге алмасуға, тағылымдамадан өтуге кететінін айтты.
Сонымен бірге комитет төрағасының сөзінше, қазақстандық ғалымның көбі зейнетке шығып жатыр. Бұл да елдегі ғалымдардың азаюына себеп болуы мүмкін.
Зейнетке шыққан ғалымдардың орнына жастар келуі қажет. Ал бұл уақытты талап етеді. Жас буындары тарту үшін «Жас ғалым» бағдарламасын бастап жатыр. Оның аясында ғалымдар 500 мың жалақы алады,
деді Білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы.